Әлем

Украинаны астыртын құтқарып қалған мемлекет әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропа Одағындағы Мәскеудің досы саналған мемлекеттің былтыр соғыс басталғанда қарудан жұтаған Украинаға көмектескені белгілі болып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың 24 ақпанында соғыс басталғанда, Украина қиын жағдайда қалды, мұнайлы ел болмағандықтан оның жанар-жағармайы, отыны тез таусылды, ал шетелден жеткізілімдер қиындады. Сонымен бірге, республика қару-жарақтан қатты тарықты. Батыс болса, артын бағып, ауыр техника, қаһарлы қару-жарағын беруге асықпады.

Германияның WELT басылымы Киевке көмек күтпеген жақтан келгенін анықтады. Бұл туралы «Украинаны құпия қорғап қалған ел» деп аталатын сараптамада баяндалады. Сонымен, «Еуропадағы ең кедей елдің бірі» саналатын Болгария алғашқылардың қатарында көмек қолын созғаны мәлім болды.

Болгарияға қатысты эксклюзивті ақпаратты WELT басылымына анонимді дереккөздер емес, биік лауазымды тұлғалар, атап айтқанда Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба, Болгарияның былтыр отставкаға кеткен премьері Кирилл Петков және бұрынғы Қаржы министрі Ассен Василев жариялады.