Bugin

Алматыда ер адам кісі өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған: Полиция іс жүргізуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы полициясы кісі өлтіру мен суицид дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Розыбакиев көшесіндегі «Мега» сауда орталығының ауданында ер адам өзінің құрбысын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Алматы полициясы бұл дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

«Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталды. Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын хабарлайды», - делінген хабарламада.