Bugin

Тоқаев журналистерге қарсы қылмыс жасауға тапсырыс бергендерді табуды тапсырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге қарсы жасалған бірқатар қылмыстарды мұқият тексеруді тапсырды. Бұл туралы Facebook желісінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс", - деп жазған ол Facebook-парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы журналист Вадим Борейконың Telegram-арнасында белгісіз біреулер пәтерінің есігіне көбік полиуретан құйып кеткенін айтқан журналист жариялағаннан кейін тексеруді бастаған болатын.

19 қаңтарда журналист Вадим Борейко үйіне әлдекімдер шабуыл жасап, пәтер есігіне монтаж көбігін жағып кеткен. Журналистің сөзінше, бұзақылар Вадим Борейко пәтерінің есігін көбік желіммен жауып тастаған. Борейко бұзақылар өрт қойғысы келген болуы мүмкін екенін де айтады.

15 қаңтарда Алматы полициясы журналист Динара Егеубаеваның көлігінің өртенуіне қатысты тергеуді бастады. Келесі күні Динара Егеубаеваның көлігін өртеп, «Ел медиа» редакциясының кіреберіс есігінің терезелерін сындырды деген күдікке ілінген бес адам ұсталды.