Саясат

«Назарбаев емделіп жатқан аурухана қызметкерлеріне палау таратылды»: Ақпараттың рас-өтірігі белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев емделіп жатқан ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы қызметкерлеріне осы пациенттің атынан палау таратылды ма? Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттарға байланысты БАҚ өкілдері орталық директорына осындай сауал қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пяға брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған емдеу процедурасы мен денсаулығынан басқа да сауалдар қойылды. Атап айтқанда, тілшілер тұңғыш президенттің емдеу процедурасының сәтті өтуіне байланысты ұлттық кардиохирургия орталығының қызметкерлеріне палау таратылғандығының рас-өтірігін нақтылады. Бұл туралы ақпарат желіде тараған еді.

«Ол жағын білмедім. Мен процедурадан кейін асханаға барып тамақтандым. Ол (тұңғыш президент – ред.) ем алып жатқан жағдайда палауға тапсырыс берді деп айта алмас едім», - деді Юрий Пя.