Bugin

Лифттегі жағдайға қатысты жаңа ақпарат шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Энергетика министрлігі қызметкерлеріне қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының полиция департаменті бұрын әлеуметтік желілерде тараған лифтте болған оқиғаға энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатыстылығы туралы жалған ақпарат негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.
 
«Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы хабарлаймыз» делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы жеделсатыдағы екі ер адамның анайы әрекеті видеоға түсіп қалған. Кей парақшалар видео кейіпкерлерін Энергетика министрлігінің қызметкерлері деп атады. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарған.