Әлем

«Демократия»: Түркия елшілігінің алдында Құран өртеуге рұқсат берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Даниялық экстремист 21 қаңтар күні Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында мұсылмандарға арналған қасиетті кітапты қорламақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Швецияда полиция даниялық Страм Курс қозғалысының жетекшісі Расмус Палуданға Құран кітабын көпшілік алдында өртеуге тағы рұқсат берді. Anadolu хабарлағандай, қасиетті кітапты қорлау 21 қаңтарда Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында өтеді.

Швецияның SVT мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, швед журналисі Чанг Фрик Палуданға Стокгольмде Құранды өртеу туралы ұсыныс жасаған. Фрик радикалдың барлық шығындарды өтейтініне және оқиға орнынан хабарлауға кепілдік берді. Сонымен қатар ел полициясы бұл әрекеттен еш өрескелдік көріп отырған жоқ, ал Сыртқы істер министрлігі мұны «демократия және кең сөз бостандығы» деп атайды.

«Сыртқы істер министрі ретінде маған араласып, адамның демонстрацияға шығуына тыйым салуды талап ету өте орынсыз болар еді. Елде мұндай шерулердің өтуі Швецияның демократиясының бір бөлігі болып табылады», – деді Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем Bilström газетіне берген сұхбатында.

Палуданның өзі бұған дейін мұсылмандар тұратын аймақтарда Құранды өртеп, сол арқылы олардың наразылығын тудырғанымен танымал. Бұл жолы оның өртеу туралы шешімін Стокгольм қалалық әкімшілігінің алдында Түркия президенті бейнеленген қуыршақты төңкеріп іліп қойған күрдтердің әрекетіне Анкараның наразылығымен байланысты.

«Мен Швецияда түріктерді де, күрдтерді де көргім келмейді», – деді шведтік экстремистік саясаткер.

Ал, Түркия Сыртқы істер министрлігі Швеция елшісін шақыртып үлгерді. Оған Анкараның мұндай арандатушылық әрекетті үзілді-кесілді айыптайтыны және оны жек көрушілік қылмыс деп санайтыны айтылды. Ведомство Швецияның мұндай көзқарасын қабылдауға болмайтынын атап өтті. Түркия террорісттік ұйымдар мен олардың жақтастарының үгіт-насихат әрекеттеріне рұқсат беру Мадридте Түркия, Швеция және Финляндия арасында қол қойылған үштік меморандумға қайшы келеді деп санайды.