Әлем

«Үш ай бойы жүрген»: Хирургтар операциядан соң науқастың ішінде қайшы ұмытып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грузия тұрғыны хирургтың қателігінен үш ай бойы іш қуысындағы қайшымен жүрген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Имеди сайтының мәліметінше, оқиға Тбилисидің Мардалеишвили медицина орталығында болған. Операциядан кейін қыз қатты ауырып тұрғанын айтып шағымданған.

Алайда науқас неліктен үш ай бойы ауырсынуға шыдағаны белгісіз. Рентген арқылы тексеріс кезінде оның іш қуысынан  хирургиялық қайшылар табылған. Шұғыл операция жасалып, хирургтар керексіз затты алып тастады.

Клиника басшылығы науқастан кешірім сұрады. Сонымен қатар үш ай бұрын операция жасаған хирургты ғана емес, операцияға қатысқан барлық медициналық қызметкерлерді жазалауға уәде берді.