Спорт
Испанияға қоныстанған ирандық шахматшы Сара Хадем Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде орамалын неліктен шешкенін алғаш рет айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы The New Indian Express басылымына сілтеме жасап.
Испанияның El Pais газетінде жексенбі күні жарияланған сұхбатында 25 жастағы спортшы хиджабпен «өзін жақсы сезінбейтінін» айтты.
Шахматшының айтуынша, Алматыдағы турнирдің алдында ол орамалды камералар болса ғана тағатынын айтқан, «себебі мен Иранның атынан қатысамын» деген.
«Алайда мен хиджабта өзім емеспін, өзімді ыңғайсыз сезінемін. Сондықтан мен бұл жағдайды тоқтатқым келді. Енді орамал тақпаймын деп шештім», - деді Хадем. Бұл ирандық спортшының Испанияға көшкеннен кейін Алматыдағы жанжалды эпизод туралы көпшілік алдында айтқан алғашқы пікірі.
Басылым ирандық спортшылар халықаралық жарыстарда өз елінің намысын қорғаған кезде қатаң дресс-кодты сақтауға міндетті екенін атап өтті. Негізінде біз қыздардың басын жауып көшеге шығуы туралы айтып отырмыз.
Өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда өткен рапид және блиц шахматтан әлем чемпионатында Сара Хадем бұл талапты бұзып, орамал тағудан бас тартқан. Турнирден кейін ирандық өз еліне емес, Испанияға ұшып, сонда қалды.