Weekend
Ал сіз қанша сөз білесіз?
Ағылшын тіліндегі "іргетас" саналатын 400 сөзді білесіз бе? Оны Оксфорд Университеті жасаған екен. Бұл ең танымал әрі оптимал нұсқа саналады екен. Себебі Оксфорд мамандары ағылшын тілінің профессионалдары. 400 сөзден тұратын түрлі қолданыстағы тізім мыңдаған публицистикалық, ауызекі материалдар негізінде жасалған.
Барлық 400 сөз 4 бөлімге бөлінген:
1) Ағылшын тілінде көп қолданылатын 100 сөз;
2) Ағылшын тілінің басты 100 зат есімі;
3) Ағылшын тілінің басты 100 етістігі;
4) Ағылшын тілінің басты 100 сын есімі.
Көп қолданылатын 100 сөз ағылшын тіліндегі мәтіндердің 50 пайызында кездеседі екен. Осыдан-ақ бұл тізімнің маңызын бағамдай беріңіз. Ал егер тіпті жиі қолданылатын 100 зат есім, 100 етістік пен 100 сын есімді қоссақ, ағылшын тіліндегі мәтіннің 75 пайызын түсінемін дей беріңіз.
Назарыңызға аталған 400 сөзді аудармасыз ұсынамыз. Барлығын өзіңіз аударып, қорытып көріңіз.