Әлем

Мен Путиннің тірі екеніне сенімді емеспін - Зеленский

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату мәселесі бойынша «кіммен сөйлесуді және не туралы сөйлесуді» түсінбейтінін айтты. Ол Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путиннің тірі екеніне және шешім қабылдайтынына күмән келтңрді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Бүгін мен кіммен және не туралы сөйлесерімді түсінбеймін. Мен кейде хромакейде пайда болатын Ресей президенті ол екеніне сенімді емеспін. Мен ол тірі ме, ол шешім қабылдай ма, әлде біреу шешім қабылдай ма, түсінбеймін», - деді Зеленский.

Украина әскери барлау қызметінің басшысы Кирилл Буданов бірде Путинге ұқсайтын бірнеше адам бар деп сенетінін айтты.

Ресей Федерациясының басшысы да бір кездері қауіпсіздік мақсатында бұған дейін ресми кездесулерде дубльді қолдануға кеңес бергенін айтқан.