Bugin

Өзіне қол жұмсаған сарбаздың ауыз қуысынан ер адамның биоматериалдары табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адвокат Сержан Пірәлиев атыраулық Бекбол Мираштың өзіне қол жұмсауына сексуалдық зорлық-зомбылық себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Еске салсақ, 2022 жылғы 19 тамызда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Шөлдала» шекара бөлімінің атқорасында Атыраулық қатардағы мерзімді әскери қызметші, 2004 жылы туған Бекбол Мираш шалбар белбеуіне асылған күйінде табылған еді. 

Ішкі істер министрлігі Оңтүстік өңірі бойынша әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бірінші нұсқада қызбен жанжалдасқаны айтылған, кейін бұл дерек расталмады. Содан кейін шекара бөлімінде бөлім командирі Айбек Нұртаев қатардағы жауынгерді балағаттап, қорлап, соққыға жыққанын, соның кесірінен асылып өлгенін айтқан куәгерлер табылды. 2022 жылдың 24 тамызында бөлім командирі қамауға алынып, оның үстінен «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алайда сот-медициналық сараптамадан кейін марқұмның ауыз қуысы мен киімінен өзіне тиесілі емес шәует (сперма) іздері табылғаны белгілі болды.

Сержан Пірәлиевтің айтуынша, оның әріптестері Бекбол қатысты ұялы телефонға түсірілген сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасауы мүмкін. Осыдан кейін әскерге шақырылған жігіт ұят пен қорлыққа шыдай алмай, асылып өлді. Бұл әскерилер қазіргі уақытта айыптау тарапының куәгерлері.

Осының бәріне қарамастан, қарулы күштерінің Тараз қалалық департаменті мен Оңтүстік облыс прокуратурасының тергеушілері бұл нұсқаны қарастырғысы келмей, Нұртаевтың билігін асыра пайдаланғанын алға тартып отыр.