Мәдениет

Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Сарыарқа» атты концерт өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

2023 жылы 20 қаңтарда сағат 19.00-де Құрманғазы оркестрінің концерт залында Ұлттық саз өнерінің жарқын бейнесі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Сарыарқа» атты концерті өтті. 

Кеш қонақтары Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Исатаева, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Біржан Әлиев, Азамат Шынаров, Әсел Алина жеке өнер көрсетті.

2023 жыл – Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аясында республикалық деңгейде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық оркестр ауқымды іс-шаралар мен дәулескер күйші атындағы кіл мықтыларды анықтайтын Республикалық конкурс ұйымдастырады. 

Айтулы мерейтой 2018 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. 

Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының дүниеге келген күні туралы сан түрлі болжам мен ақпарлар айтылуда. Кей дереккөздері 1806 десе, том жинақтарда 1818 деп көрсетілген. Алайда, Мұхтар Әуезов атындағы өнер университетінің зерттеулеріне сәйкес 1823 жыл деп бекітілген. Күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы – күйлерінде азаттықты аңсап, бостандықты жырлап өткен дара тұлға. Қазақ ұлтының бай мұрасын «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» және тағы басқа мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлермен толықтырды.

Құрманғазы Сағырбайұлы – ұлтының бар жақсы қасиетін бойына сіңіріп өскен күй атасы, халқының тәуелсіздікке жетуін армандап, күймен әрлеген дәулескер, аңыз күйші.