Әлем

АҚШ-тағы атыс: 10 адамды өлтірді деген күдікті өз-өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

22 қаңтарда хабарланған Лос-Анджелес маңындағы жаппай кісі өлтіру оқиғасы күдіктінің өз-өзіне қол жұмсауымен аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қырғынға қатысы бар күдікті полиция жақын маңдағы Альгамбра қаласында тосқауыл қойған жүк көлігінде өзін атып өлтірді.

Өзін-өзі атып өлтірген күдікті - 72 жастағы Ху Кан Тран, азиялық нәсілдегі жергілікті тұрғын. Жергілікті қытай қауымы өкілінің айтуынша, қырғынға ер адамның әйелімен жанжалдаcуы түрткі болған.

Еске салсақ, Калифорнияның Монтерей Парк қаласындағы кәсіпорындардың бірінің аумағында Қытайдың жаңа жылын тойлау кезінде атыс салдарынан 10 адам қаза тапқан. Тағы 10 адам жарақат алды. Олардың 7-еуі 22 қаңтар күні кешке ауруханада болған. Бұған дейін полиция жаралылардың жағдайы ауыр деп хабарлаған.