Қоғам
Ақсайда бірнеше жасөспірім итке қорлық көрсеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі club_dobryakov_almaty парақшасында видео жарияланды. Бейнежазбада балалар итті қарға лақтырып, жыныстыққа қатынасқа түскендей кейіп танытып, әбден қорлаған.
Полиция іздестірілу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған үш жеткіншек анықталғанын хабарлады.
«2007, 2008, 2009 жылы туған жасөспірімдердің ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.
Полицейлер кәмелет жасына толмаған балалармен профилактикалық әңгіме жүргізген.