Bugin
Бас прокуратура Владислав Челах ісіне қатысты тергеу процесі қайта басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қостанайда жазасын өтеп жатқан Челахтың өтінішін тексеру үшін зерттеліп жатқан қылмыстық іс қайта қозғалмақ.
«Сотталған адамның дәлелдері ҚР Конституциялық заңында белгіленген тәртіпке сәйкес тексеріледі» деп хабарлады Zakon.kz.
Еске салайық, 2012 жылдың 28 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасы бойындағы «Арқанкерген» бекетінде 15 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 14 әскери қызметші және бір орманшы бар. Бұл оқиғаға мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз кінәлі деп танылды. Сот Владислав Челахты өмір бойына бас бостандығынан айырды.