Әлем

Қытайдың Тайваньға қашан шабуыл жасайтыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай 2027 жылға дейін Тайваньға шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы Жапонияның Kyodo агенттігіне берген сұхбатында АҚШ әскери-теңіз күштерінің Тынық мұхиты қолбасшылығының бұрынғы басшысы отставкадағы адмирал Филип Дэвидсон мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен 2021 жылдың көктемінде айтқан сөзімнен тайынбаймын, жағдайдың 2027 жылға қарай ушығуы әбден мүмкін деген болжамым өзгеріссіз қалады», - деді бұрынғы әскери басшы.

Оның пікірінше, материктік Қытай мен Тайвань арасындағы кез келген ықтимал қақтығыс жаппай кибершабуылдар, қуатты зымырандық бомбалау, Тайвань блокадасы мен аралды басып алуды көздейді.

2021 жылдың көктемінде АҚШ Конгресінің тыңдауында Дэвидсон Бейжің 2027 жылға дейін Тайваньды бақылауға алуға тырысуы мүмкін деп мәлімдеді.

Қытай халықтық азат етуші әскері соңғы айларда аралдың маңында түрлі әскери іс-қимылдарды жиілетті. Өткен тамызда АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайбэйге барғаннан кейін Тайвань бұғазындағы шиеленіс күшейе түсті. Бұл сапар Бейжіңнің шамына қатты тиді.