Спорт
Килиан Мбаппе «ПСЖ» тарихында бір ойында бес гол соққан алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Squawka порталы мәлім еткеніндей, шабуылшы Франция кубогінің 1/16 финалында елдегі алтыншы дивизионның өкілі «Пеи де Кассель» клубымен өткен матчта бес мәрте мергендігімен көзге түсті.
Бірінші таймда Мбаппе 11 минуттың ішінде үш гол соғып үлгерді. Ол 29-ыншы, 34-інші және 40-минутта допты қақпада тулатты. Оған қоса 33-минутта Неймарға нәтижелі пас берді. Ал екінші кезеңде 56-ыншы және 79-минутта тағы екі голдың авторы атанды.
Франция чемпионы 1/8 финалда «Марсель» командасымен кездеседі. «Марсель» «Ренн» командасын 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Өткен жылы ел кубогін финалда «Ниццаны» тізе бүктірген «Нант» клубы жеңіп алған болатын.
Құрамында Мбаппеге қоса Лионель Месси мен Неймар ойнайтын «ПСЖ» Франция біріншілігінде 47 ұпаймен көш бастап келеді.