Bugin
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына (мәдениет және спорт экс-министрі) және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеу ісі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды, - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясы бойынша А.Ш. Нұразхан екі ай мерзімге қамауға алынды.