Әлем

Ұлыбритания қонақ үйлерінен 200-ге жуық бала жоғалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбританияның ішкі істер министрлігіне қарасты қонақүйлерге орналастырылған 200 босқын бала із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Observer басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, босқын балалар Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігіне қарасты қонақүйлер маңында ұрланғанын жазған.

«Ішкі істер министрлігінің бұл қонақүйлерден пана іздеген балаларды ертіп жүруінсіз ұстауға құқығы жоқ. Біз олардың кейбірі із-түзсіз жоғалып кеткенін білеміз», - деді Ұлыбритания ішкі істер министрінің орынбасары Саймон Мюррей британ парламентіндегі сұрақтарға жауап беріп.

Ол із-түзсіз жоғалғандар тізімінде қазіргі уақытта 200 бала бар екенін айтты. Вице-министр олардың 88 пайызы Албания азаматтары екенін атап өтті.

Британдық ІІМ 2021 жылдың шілдесінде қонақүйлермен келісім-шарт жасай бастады. Содан бері Ла-Манш арқылы ата-анасыз келген балалар елдегі муниципалды мекемелерге ауыстырылғанға дейін қонақүйлерде орташа есеппен 18 күн болды.

Үкіметтік емес ұйымдар балалардың қонақүйлерден жоғалып кетуіне қатысты талай рет алаңдаушылық білдіріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ІІМ-не көмек көрсетуді ұсынса да, үкімет бұл ұсыныстарды қабылдамады.