Спорт
«Барселона» мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвес зорлады деп айыптаған бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарған, ол бірден кеткісі келетінін айтқан, бірақ бразилиялық оны жібермеген.
«Мен ол есіктің артында не тұрғанын білмедім, тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым, бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой», - дейді бойжеткен.
Бұған дейін Альвес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Испанияның «Иә дегеніміз иә» заңына сәйкес жыныстық зорлық-зомбылық үшін төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Альвес кепілсіз қамауға алынды, ал мексикалық «Пумас» клубы онымен келісімшартын бұзды.
Альвес – футбол әлемінде есімі көпшілікке белгілі футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алған. Бразилиялық мансабының ең сәтті кезеңі «Барселонада» (2008-2016, 2021-2022 жылдар) өтті. Каталондық клуб сапында ол алты рет Испания чемпионы атанды, төрт рет Испания кубогын жеңіп алды, төрт рет ел суперкубогын алды, үш рет Чемпиондар лигасында, УЕФА Суперкубогында және клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.