Саясат

Лукашенко Украинаның шабуыл жасамау туралы келісімге отыруды ұсынғанын мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Украина өздерімен шабуыл жасамау туралы келісімге отыруды ұсынғанын айтты. Ол бұл ұсынысты қашан және кім айтқанын нақтыламады. Бұл туралы Лукашенко елдегі қоғамдық-саяси жағдай мен қылмыстың жай-күйі туралы кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ulysmedia.kz басылымына сілтеме жасап.

«Бір жағынан, Украинамен ешқандай жағдайда соғыспауымызды, әскерлерімізді ол жаққа қарай жылжытпауымызды сұрайды бізден. Шабуыл жасамау туралы келісім жасасуды ұсынады. Екінші жағынан, мына бір қойыртпақты дайындап, оларды қаруландырады. Польша, Литва, тіптен еліріп алыпты. Оларға бұл не үшін керек? Түсініксіз» ,- деді Беларусь Президенті Александр Лукашенко

Күні кеше Лукашенко Беларусь шекарасына жақын маңға «Еуропалық одақ пен Украинаға іргелес жатқан мемлекеттердің қарулы топтары» шоғырланып жатқанын атап өтті. Нақтысын айтқанда, шамамен 23,5 мың адам, оның 17,2 мыңы - Украинадан және 3,7 мыңы - Польшадан.

2022 жылдың қазан айында Александр Лукашенко мен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин біріккен әскери топ құруға келісті.