Bugin
Elitar.kz порталының журналистері 15 жасар қызды жігітінің тұрмысқа шығу мақсатында алып қашуына қатысты түсініктеме беруді өтініп Түркістан облысының полиция департаментіне жүгінді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Жас жігіт мектеп оқушысын алып қашып, анасына 600 000 теңге ақша төлеген. Қыздың әкесі полицияға арызданған. Айтуынша, қыздың анасымен бөлек тұрады, бірақ алимент төлейді. Ер адам 2022 жылдың аяғында қызын ұрлап, Жетісай өңіріне апарып, беташар рәсімін жасағанын айтты. Ол оқиға туралы әлеуметтік желіден білген.
Ер адам адам ұрлау қылмыстық әрекет екенін еске салды.
«Сонымен қатар 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу де қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.
Бұл жағдайда дәстүр бойынша қыз алып қашу қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығаратын жағдай емес. Демек, қылмыс жасау фактісі расталды.
Сондай-ақ, азаматтық неке қиюына байланысты 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге қатысты қылмыстық жауапкершілікті болдырмайтын мән-жай болып табылмайды, өйткені мен некеге тұруға келісімімді бермегенмін. Себебі менің қызым небәрі 15 жаста және өз өміріне қатысты шешім қабылдай алмайды. Сондықтан қылмыс жасау фактісі де расталып отыр», - деді мектеп оқушысының әкесі.
Ер адам полицейлерден қызын алып қашып, күйеуге шығуға мәжбүрлеген адамды ғана емес, басқа да қылмыскерлерді жауапқа тартуды сұраған.