Bugin

Қазақстанда асырап алған балаларды жетімдер үйіне қайтару көбейген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда асырап алған балаларды жетімдер үйіне қайтару көбейген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бес жылда асырап алушылар мен қамқоршылардың балаларды балалар үйлеріне қайтаруы бірден 64 пайызға көбейген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде патронаттық тәрбиешілер 23% азайса, ал асырап алушылар саны бес есе төмендеген. 2017 жылы 168 кәмелетке толмаған бала асырап алынған болса 2021 жылы тек 31 бала ғана қамқоршылар қолына беріліпті.
Жетімдер үйіне қайта әкеліп тастаған жағдайдардың көбіне ата-ана мен бала арасында келіспеушілік, яғни тіл табыса алмауы себеп болған екен. 

Мамандардың сөзінше, қамқорлыққа алынып артынша жетімдер үйіне қайта қайтарылған баланың психологиясы қатты өзгереді екен. Себебі бала үйренген адамдары мен ортасынан айырылады. Екіншіден тағы да бөгде ортаға сіңісуіне уақыт керек. Ал қамқоршылық мамандарының айтуынша, асыраушы тарапынан балаға қатыгездік, қорлық көрсетілгені анықталса олармен дереу келісімшарт бұзылып, жауапкершілікке тартылады.

«Жалпы бір отбасы болды осындай балаға қатыгездік көрсетіп, әр адам әртүрлі ғой. Кейбіреулер ойлайды туған баласына да қатыгездік көрсететін ата-аналар бар ғой. Осындай жағдаймен бір семья болған. Ол бірнеше жыл болған оқиға қазір ол балалар бірден балалар үйіне қайтарылды. Қазіргі кезде ол балалар басқа отбасына берілген. Ал бағанағы отбасы тағы бала асырап алу құқысынан айырылды», - дейді Қарағанды облысы білім басқармасы қорғаншылық, қамқоршылық бөлімінің бас маманы Бақытгүл Игенова.

Ал психолог мамандар баланың жетімдер үйіне қайта оралуын асырап алушыдан көре беруге болмайтынын жеткізеді. 

«Асырап алдыңыз молодецсіз. Үйге әкелдіңіз қит етсе ол бала сізден қашып қайтадан интернатқа кетуге дайын тұрады. Қит етсе кеткісі кеп тұрады. Неге? Өйткені ол бала бейсаналы түрде жалпы ата-анаға сондай бір қас ретінде қарайды. Өйткені оның көзін ашқалы бері сценарий оны тастап кетті оған сондай бір қасірет жасалды .Сондықтан да жанұяға әкелеген баланы жанұяда қалдыру үшін өте көп шыдамдылық және психоаналитикалық тұрғыдан сізде түсінік болу керек», - дейді психолог Миргүл Бимағамбетова.

Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметінше, елде ата-ана қомқорлығынсыз қалғандардың саны 22 мыңнан асады. Оның ішінде Патронаттық тәрбиедегілер- 1816. Дәл осы патронатты тәрбиеге алынған әрбір балаға үкімет 34500 теңге көлемінде  ай сайын жәрдемақы төлейді. Ал оларды қамқорлығына алған патронаттарға ай сайын 60 мың теңгеден астам жалақы төленіп отырады.