Bugin
Мақсатыңызды анықтаңыз. Таңертең неге оянатыныңызды ойлап қараңыз. Өз күшіңіз бен айналаңыздың, әлемнің қажеттіліктеріне қарай таңдаңыз. Бұл нәрсе де өмірдің мәні саналады.
Өзгерте алмайтын нәрсені қабылдаңыз. Біз басқара алмайтын кейбір нәрселердің бар екенін мойындаудың өзі дұрыс. Керісінше сіз өзгерте алатын нәрсеге назар аударыңыз.
Кемшіліктерді қабылдаңыз. Өмірде бәрі мінсіз болмайды. Кейде сол кемшіліктерден де ләззат алуды үйреніңіз.
Қиын кезде абыройды сақтауға мән беріңіз. Қиындыққа қарамастан эмоционалдық жетілуді және өзін-өзі бақылауды тоқтатпаңыз. Шыдамдылық, табандылық және түсіністік таныту туралы ұмытпаңыз.
Өзіңізді айналаңыздағылармен салыстырмаңыз. Әркімнің өз өмірі, қайталанбас жолы бар. Өзіңізді басқалармен салыстырудың орнына, өзіңіздің жетістіктеріңізді ойлаңыз.
Барлық қырыңызды дамытуға тырысыңыз. Тіпті кішкентай өзгерістердің өзі уақыт өте келе әсер етуі мүмкін.
Аударған: Ғайнижамал Арыстанбек