Bugin

Түркістан облысында мұғалім сірке суын ішіп, өзіне қол жұмсамақ болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім сірке суын ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 қаңтарда болған. Полицейлердің айтуынша, ол әріптестерінің арасында болған кикілжіңге бола осындай әрекетке барған. Жәбірленуші полицияға берген арызында «әріптестерім намысыма тиді» деп жазған.

Сарыағаш аудандық аурухана дәрігерлері науқастың қазіргі жағдайы тұрақты дейді.

«Науқас терапия бөліміне жатқызылды. Ауыз қуысы күйіп, созылмалы бүйрек ауруы өршіген, оған қоса орташа деңгейде қан аздық ауруына шалдыққан деген диагноз қойылды. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық», - дейді Сарыағаш аудандық ауруханасы терапия бөлімінің меңгерушісі Құралай Әбілмәжінова.

Қазіргі таңда полиция «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша істі тіркеді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.