Bugin

Белгілі композитор Сейіл Аяған өмірден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі композитор Сейіл Аяған 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Берісі Қарағанды, әрісі Алаш жұрты ақ жүрек азаматынан, айтулы әншісінен айырылды. Өткенде Ерлан ағаның кешінде соңғы кездескен екенбіз. Жылы ғана жымиып, қоштасып едік. Өмір осы. Жаныңыз жәннатта болсын, Сейіл аға! Алла панасына алсын! Періштелер өзіңіздей жылы жымиып, жұмақ төрінен орын ұсынсын!» деп жазды Жанат Жаңқашұлы Facebook-та.

Әнші «Жас қалам», «Таң самалы», «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» сынды әндердің орындаушысы ретінде танылған.

Bugin.kz редакциясы марқұмның жақындарына көңіл айтады!