Bugin

Ақмолада әйел адам нәрестені пешке салып, өртеп жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысы Макинск қаласының тұрғыны босанған соң сәбиін пешке салып, жағып жіберген. Өз әрекетін ол сәбидің қозғалыссыз жатқанымен байланыстырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жаға ұстатарлық жайт туралы полицияға Бұланды аудандық ауруханасының аушер-гинекологы мәлімдеген.

Дәрігердің сөзінше, 26 қаңтарда 1990 жылы туған әйел кезекті тексеріс кезінде үш күн бұрын, яғни 23 қаңтарда босанғанын айтқан.

«Ол өз бетінше босанған соң баласының қозғалыссыз жатқанын көрген. Кейін үйдегі пешке сәбиді жағып жіберген», – деді басылымның дереккөзі.

Аймақтық полиция департаменті бұл деректі растаған.