Bugin
Алматылық TikTok әлеуметтік желісінде қаланың сұлулық салондарының бірінде болған жазатайым оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengri lifestyle сайтына сілтеме жасап.
Семсерлесу ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі, 20 жастағы Виктория Зинованың айтуынша, ол салонға шаштарын бояу үшін барған. Алайда шаш бояуына кенеттен аллергия пайда болған. Салон қызметкері оған бұлай болуы мүмкін екенін ескертпеген, тіпті, аллергияны анықтау үшін тест жасамаған.
«Бояуда зиянды химиялық заттар, пигменттер, тотықтырғыш болуы мүмкін. Сондықтан шашты бояр алдында 48 сағат бұрын аллергиялық сынақ жүргізу қажет. Себебі, кейде аллергия асқынып, тіпті, адам өліп кетуі де мүмкін», - дейді видеоға пікір білдірген аллерголог дәрігер Үміт Ибадуллаева.