Саясат
Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі "АЛМЭКС" холдингі Halyk Bank акцияларын сатуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Inbusiness.kz мәліметінше, сатылымның негізгі мақсаты – акциялардың өтімділігін арттыру және акционерлер пулын кеңейту. Холдинг өкілдерінің айтуынша, бұл ретте "АЛМЭКС" бақылау пакетін, яғни акциялардың кемінде 51%-ын сақтап қалады.
"Бұл халықаралық қор биржаларында сауда жасайтын эмитенттердің қағаздары үшін тұрақты қалыптасқан халықаралық және қазақстандық тәжірибе. Біз акциялардың өтімділігін арттыруға және Halyk Bank капиталын ұлғайтуға мүдделіміз", - деп толықтырды холдингтегілер.
Дәл қазір "АЛМЭКС" Halyk Bank-тің 56,39%-ына ие.
Холдинг иелері – ерлі-зайыпты Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева.
Құлыбаев "Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері – 2022" рейтингінде бірінші орынға ие. Сондай-ақ Құлыбаевтар "Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері – 2022" тізімінде екінші орын алады.
"АЛМЭКС" арқылы олар сондай-ақ Altyn Bank-тің 40% үлесіне иелік етеді. Холдинг Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Грузияда жұмыс істейді.