Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚырғызстан аумағында жер сілкінісі болып, жерасты дүмпулері Алматыда да сезілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция деректеріне сілтеме жасап.
27 қаңтарда сағат 06:10-да ТЖМ СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісінде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. MPV магнитудасы - 5,2. Тереңдігі - 10 шақырым.
МSК-64 шкаласына сәйкес Алматыда 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61