Bugin
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы @qazaqstantv телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 27 қаңтарға қараған түні болған.
Honda Civic маркалы көліктің жүргізушісі Сайын көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатып, рульді тізгіндей алмай, электр желісінің бағанына соғылған. Қатты соққыдан көлік екіге бөлініп кеткен.
Көлікте болған үш адам оқиға орнында көз жұмды.