Әлем

Ирандағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Иранның астанасы Тегеран қаласында Әзірбайжан Республикасасының елшілігіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz cайтына сілтеме жасап.

Шабуыл шамамен Баку уақыты бойынша таңғы сағат 8:30 шамасында болған. Белгісі ер адам Калашников автоматынан оқ жаудырған. Содан елшілікте жұмыс істейтін қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты. Елшіліктің екі күзетшісі де жаралы. Қазір оқиға бойынша тергеу болып жатыр.

Ал дипломатиялық мекемеге шабуылдың видеосынан ғимаратқа қару асынып кірген адам түсіп қалған. Ол бірден оқ жаудырады. Шабуыл кезінде екі адам қашып кетеді. Сол кезде тағы бір есіктен ақ жейде киген күзетші жүгіріп шығып, оны қолын қайырып ұстауға тырысады. Видео осы жерден үзіледі.

Осы оқиғаға байланысты Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ирандағы оқиғаны терракт деп бағалады. Ал Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айхан Гаджизаде елшіліктің қызметкерлерін елге қайтару туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Әзірбайжан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі де елшілікке шабуылды террористік акт деп айыптап, қылмыстық іс қозғады.