Bugin

Мұғалімді балағаттайтындарға қатысты заң күшейеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар қалай жазаланатынын түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұқанованың сөзінше, қоғамдық орындарда боқтағаны үшін 20 АЕК ( 69 000 теңге) айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қолданыла бастайды.

Мұндай нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына енгізілген.

Сондай-ақ, вице-министр дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тіл тигізгені үшін айыппұл екі есе көп болатынын атап өтті.

«ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында балағат сөзді отбасында айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал мұғалімге немесе дәрігерге бағытталған боқтық сөз үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық орында балағат сөз айтушыларға жазаның қатаңдатылғаны 9 қаңтарда белгілі болды.