Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтөбеде демалыс базасының бірінің аумағында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 28 қаңтарда сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында болған. Сол жерде 2007 жылғы жасөспірім қарда жүретін Lynx автокөлігін айдап жүрген. Кенет қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кеткен.
"Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды. 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар баланы медицина мекемесіне жатқызды" делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61