Спорт

Елена Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.

Жекелей сында бұған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім ондыққа еніп көрген емес.

Сондай-ақ Юлия Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.

Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.

Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай:

10. (+15). Елена Рыбакина – 2815

44 (+3). Юлия Путинцева – 1114

449 (+34). Жібек Құламбаева – 102

506(+79). Гөзал Айнитдинова – 82

543. (-73). Анна Данилина – 70

1182 (0). Аружан Сағындықова – 7.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның чемпион атана алмағанын жазған едік.

Новак Джокович оныншы рет Аустралия чемпионы болды.

Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды.

Ал Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды.