Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматы облысындағы тас жолдың бірінде жол апаты болды. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР ішкі істер министрлігінің телеграм-каналына сілтеме жасап.
30 қаңтарда Алматы-Өскемен тас жолының 54-шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері жол апатына ұшырады..
Форд автокөлігі өртеніп, жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полициядағылар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61