Білім және ғылым

Мектепте оқу жылы қысқартыла ма? Вице-министр жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мектеп оқушылары үшін оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"Оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Жыл басында ата-аналар мен балаларға оқу жылы 36 аптаға созылатынын хабарладық. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мемлекеттік білім беру стандарты мен білім беру бағдарламаларының талаптарын орындау үшін жасалған. Сондықтан бұл мәселені қайта көтерудің қажеті жоқ. Былтыр оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, биыл 31 мамырда аяқталады, яғни 31 мамыр – соңғы оқу күні", - деді Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Осылайша, мектеп оқушылары 1 маусымнан бастап жазғы каникулға шығады.

"Балалар жазғы демалыста үш ай, яғни 90 күн демалады. Биыл каникулдың бірінші күні халықаралық балаларды қорғау күніне сәйкес келеді. Бұл біздің балаларымыздың мерекелік көңіл-күйін көтере түседі", - дейді министрдің бірінші орынбасары.