Bugin
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысы тоқтайтын болса, шығын бұдан да көп болатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазір басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы әкімдікке үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев.