Өнім

Қазақ қызы танымал қос гроссмейстерден басым түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шахматшы  Бибісара Асаубаева Александра Горячкина мен Франциско Вальехо Понсты ұтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында әлемнің атақты гроссмейстерлері, сонымен бірге блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қатысқан "Шахмат жұлдыздары" халықаралық турнирі аяқталды.

Бұл турнирге Бибісара Асаубаевадан басқа тағы 9 атақты шахматшы қатысты. Осы додада Бибісара Асаубаевадан ұтылған ресейлік гроссмейстер Сергей Карякин екі жарыстың қорытындысы, яғни рапид және блиц бойынша үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Александр Грищук екінші, Владислав Артемьев үшінші орынды иеленді.

Рапид және блиц ойындарының қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева белгілі гроссмейстерлер Александра Горячкина (Ресей) мен Франциско Вальехо Понсты (Испания) жеңіп, 8-орынды қанағат тұтты.

18 жастағы Асаубаева Мәскеуде барлық қатысушылардың арасында ең жасы болды.