Музыкатерапия кез келген аурудан айықтыратын ең қауіпсіз әрі қосымша қаржы жұмсамайтын дәру. Жағымды әуен жүйкені тыныштандырып қана қоймай, сонымен қатар қан айналу жүйесін жақсартып, тыныс жолдарын да емдейді. Сондай-ақ, ас қорыту жұмысын реттеп, ағзадағы өзге аурулармен де күреседі.
Музыканы тыңдаудың нәтижесінде жабырқаулықтан арылып, ұйқыңыз тынышталады. Бойкүйездікті жеңіп, өзіңізге деген сенім нығаяды. Есте сақтау қабілетіңіз артып, шығармашылық мүмкіндігіңіз ашылады.
Жапондық ғалымдар емізулі аналарға музыканың тигізер пайдасы орасан екенін дәлелдеді. Емізу кезінде ырғақты музыка қойсаңыз, баланың дамуына, ой-өрісінің өсуіне оң ықпалын тигізетін көрінеді. Музыка тыңдап отырып емген баланың есте сақтау қабілеті артып, шығармашылыққа бейімделеді деген қорытынды жасаған.
Ал канадалық ғалымдар үнемі музыка тыңдап жүретіндер мен музыкаға әуесі жоқтарды салыстырып қарағанда, әлдеқайда айырмашылықты байқаған көрінеді. Сондағы дәлелдегендері математикалық есепке жүйріктігі анықталған. Музыка тыңдап жүрген балалар кез