Әлем

Иран соты алаңда билеген видеосы үшін екі блогерге қатаң үкім шығарды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Тегеран революциялық сотының 15-ші бөлімінің судьясы Әбілқасым Салавати Тегерандағы Азади алаңының маңында билеп жатқан видеосы үшін қауіпсіздік күштері қамауға алған жас жұпты 10,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы IranWire басылымына сілтеме жасап.

21 жасар Амир Ахмади мен оның құрбысы Астиаж Хагиги "жақсылықты насихаттау", "ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру үшін сөз байласу" және аятолла режимінің беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы алдағы 10 жыл 6 айды түрмеде өткізеді.

Сондай-ақ сот қыз бен жігітке түрмеден шыққаннан кейін екі жыл бойы интернетті пайдалануға және Ираннан шығуға тыйым салды. Процесс адвокатсыз өтті.