Bugin
Алматы қаласында ер адам әйелін тапаншамен атып өлтіріп артынан өзіне қол салған, деп хабарлайды bugin.kz порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Көршілерінің айтуынша, 48 жастағы азамат пен оның жұбайы ажыраспақ болып жүрген. Қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болуы мүмкін дейді. Қылмыс болған үйде ерлі зайыптылардан бөлек ұлы мен келіні бірге тұрған. Бірінші болып ата-анасының мәйітін жұмыстан оралған ұлы көрген.
"Қылмыс ер азаматтың қызғанышынан болды, күйеуі әйелін өлтірді. Мәйіттерді кешкі 19:20 шамасында анықтадық. Ұлы жұмыстан келіп, маған бірден қоңырау шалды. Полиция кешкі 7 жарымнан таңғы 5-ке дейін болды", – дейді көршілері.
Жантүршігерлік оқиғаның мән жайын полиция департаменті анықтап жатыр.
"Аталмыш дерек Наурызбай ауданында орын алған. Алдын ала болжам бойынша отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді", – дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.