Спорт
Өзбек спортшысы, бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалолов (12-0, 12 КО) Қазақстанда мен өз еліндегі боксты салыстырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Өзбекстан әуесқой бокстан әлемде бірінші орында. Таиландта өткен Азия чемпионаты Өзбекстан чемпионатына айналды деуге болады. Біздің боксшылар он салмақ дәрежесінде тоғыз алтын медаль жеңіп алды. Бұл тарихта ешқашан болған емес. Өткен әлем чемпионатында Қазақстан бізден көп медаль жеңіп алғандықтан, ол рейтингте Өзбекстанға қарағанда жоғары орынға ие болуы мүмкін, өйткені рейтингті жасау кезінде әлем кубогындағы қазақстандық қыздардың нәтижелері де ескерілді. Жалпы, біз ірі жарыстарда Қазақстаннан асып түстік, мен боксымыз қазақстандықтардан мықты деп айта аламын", - дейді Жалолов.
Еске салайық, Бангоктағы жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы 11 медаль жеңіп алды, оның ішінде үш алтын, үш күміс және бесеуі қола медаль. Жалпы командалық есепте екінші орын алды. Өзбекстан жастары тоғыз алтын, бір күміс және бір қола жүлдеге ие болып, көш бастаған еді.