Bugin

Түркістан обылысындағы су басу: Халық көліктің үстіне шығып қорғанған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде Түркістан облысындағы су тасқынының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеолардың бірінде күшті су ағынының көлікті және көлік төбесінде отырған адамдарды қалай алып кеткенін көруге болады. Бұл видео Монтайтас ауылында түсірілген деп хабарлайды.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған видеода үйлер су айдынына жақын салынғанын, бұл үйлерді су басу қаупі әу бастан жоғары екенін көрсетеді.

Қазір Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай арнасында еріген қар суы мен жаңбыр суы молынан тасып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері түні бойы суды сору және инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жалғастырды.

Бұл ретте "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі - жаңбыр, қар, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауы, қардың қарқынды еруі, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі.