Саясат

Қазақстанда комсомолдың 100 жылдығы атап өтілді

Бүкілодақтық Лениншіл Жастар Одағын дәріптеу ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Комсомол немесе Бүкілодақтық Лениншіл Жастар Одағы (БЛКЖО) дегеніміз, Совет үкіметі кезінде қалыптасқан КСРО-дағы жастардың қоғамдық-саяси ұйымы.

 

1918 жылы қазанның 29 күні құрылған ұйымның 100 жылдығын атап өту Алаштың 100 жылдығын атап өтуден де ерекше өтті.

Атыраудағы Жапақ Қаражігітов атындағы нөмері 16 мектептің жоғары сынып оқушыларына ашық сабақ жүргізілді. Тіпті бұл күнді «атаулы күн» ретінде атап өту дәстүрі бар екенін аңғармаптық.

Ал Сыр елінде, Шиеліде «Тарихқа тағзым – ұрпаққа ұлағат» атты шара өткен. Әрине, шараның басты тақырыбы комсомолдың 100 жылдығын атап өту. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасарлары қатысып сөз сөйлеген.

Ал елімізде жаппай шаралар ұйымдастырлып, концерттік бағдарламар берілді. Әлеуметтік желіде түрлі талқылаулар болып жатыр. Әсіресе, Алаштың 100 жылдығын салыстырып отырып, өздерінің наразылықтарын білдіріп жатқандардың қатары көп.

 

Шындығында, тәуелсіз Қазақстан үшін КСРО кезінде құрылған және өзінің қоғамдық негізін жойған ұйымның 100 жылдығын атап өту қаншылықы маңызды?