Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘлеуметтік желіде жасөспірім кәмелетке толмаған баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген видеоға байланысты полиция қызметкерлері түсінік берді, деп хабарлады Bugin.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Полиция бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтағанын хабарлайды. Екеуі де Талдықорған қаласының 13 және 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдері болып шықты. Бейнежазба 2022 жылдың желтоқсанында жасалғаны белгілі болды.
Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі.
ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлімінде («Жас балаға қатысты, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қылмыстық істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды және полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61