Bugin

"50 млн теңге бопсалаған": Белгілі журналист 9 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналист әрі блогер Махамбет Әбжан ҚК-нің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды, сот оны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралды үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сот үкімі бойынша Махамбет Әбжан ҚР ҚК 274-бабының 3-бөлігі; 193-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Журналиске тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстаудың бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Адвокат Төлеген Шайық егер Махамбет Әбжан қаласа, үкімге шағымданатынын айтты.

2022 жылдың 3 шілдесінде елордалық Astana Tower бизнес орталығы алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен журналист Махамбет Әбжан ұсталғанын мәлімдеді. Оған қатысты ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «аса ірі мөлшерде бопсалау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.