Bugin

"Елес кезген үй": Астанада зират үстіне салынған тұрғын үйлер бары рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл Бөгенбай көшесіндегі Свечкий тұрғын үй кешенінің орнында жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша 1915-1960 жылдарға дейін проваслав зираты болған. Кейін 2009 жылы көшені кеңейту жұмыстары кезінде ХІХ ғасырда жерленген 4 адамның қабірі табылған. 

Сол себептен елес кезеді екен, кей адамдар өз-өзіне қол жұмсайтын көрінеді деген сарында тұрғын үй жайында алып қашпа әңгімелер көп.

“Осы орында зират болған екен. Біз осы жерде тұрамыз десек адамдардың бәрі үркей қарап, елес көрдіңіз бе деп сұрайды. Кейде қалжыңдап елестермен отырып шәй ішеміз деп жауап беремін”,- деді қала тұрғыны Гүлнәр.

Мұндай әңгімелер тұрғындардың үйлерін сатуға кедергі келтіретін көрінеді. Қала тұрғыны Байгел Досыбаев зираттың барлық жерде де болатынын алға тартты.

“Өркениет өсіп, адамзат тіршілігін жасап жатыр. Қай жерде зират жоқ? Түптеп келгенде барлық жерде зират бар”,- деді қала тұрғыны.