Өнім

Сәнге айналған маникюр қатерлі ісік ауруын тудыратыны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Елімізде дәрігер мамандар сәнге айналған маникюрдің қатерлі ісік ауруын тудыратынын растауда. Сөздерінше, лакты ултракүлгінді сәулемен кептіру рак клеткаларын оятады екен деп хабарлайды Bugin.kz порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Дерматолог Раушан Байкенқызы қыз келіншектердің көпшілігі ай сайын жасататын бұл сұлулық процедурасының әсері денсаулыққа әлдеқайда зиян екенін айтады.

“Осы гель лак қолданған кездегі ултрафиолеттік ултракүлгін сәулелері ол рак қабаттарының келшекте өзгеруіне әкеліп соғып, кейін қатерлі ісікке әкеледі. Онкологиялық сараптамалар оны көрсетіп жатыр”,- деді дәрігер.

Бұдан бөлек тырнаққа су өткізбейтін лак жағылса ғұсыл дәрет те қабыл болмайды екен.

“Егер ол денеге су өткізбейтін болса оны міндетті түрде толығымен жойып кетіру керек. Ал кетірмесе, дәреті дұрыс болмайды. Бұл намазы да дұрыс болмайды деген сөз. Шариғат шарттарына мұқият қарауымыз керек”,- деді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Ерғали Байділдаев. 

Ал сән орталығының мамандары соңғы уақытта халал лактардың сатылымға шыққанын айтады. Жарнамасына сенсек бұл бояулардың құрамында су өткізетін қоспалар бар.

“Қазір жапондық маникюр және жаңа лактар пайда болды. Олар су өткізеді деп жатады. Менің ойымша бұл маркетингтік әдіс тәсілдер. Ондай лактардың болуы мүмкін емес”,- деді сұлулық орталығының иесі Арайлым Қанатқызы. 

Мамандар дінімізде адамның саусағы күйіп қалса немесе зақым келген жағдайда ғана тырнақты жалғауға немесе сәндеуге рұқсат берілгенін айтады.