Bugin
Қазнетте Астана полицейлерінің "азаматтарға деген сыйластығы жоқтығы" бейнеленген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Елорда тұрғыны полицейлер мен бейбіт тұрғындар бейнеленген видеолар топтамасын түсіріп жариялады.
"Уәлиханов көшесі, 23/1, мешітке қарама-қарсы. Адамдарға сыйластық жоқ. Жағдай мынадай: ер адам басқа азаматтың көлігін есігімен сырып кеткен (байқаусыз). Қоңырау шалған соң полиция қызметкерлері келіп, тергеу жұмыстарын бастады және кінәлі адамды өз көлігіне тиеуге әрекеттенуде. Кінәлі адам өзінің теріс қылықтарын жоққа шығармайды, бірақ олар оны тыңдап, бұл мәселені мәдениетті түрде шешуге міндетті. Өйткені бұлар тәртіп сақшылары ғой… " - дейді ол.
Екінші видеода полицейлердің бірінің ер адамға қалай физикалық күш қолданғаны анық көрсетілген.
Кейін әлеуметтік желіде елордалық Поиция департаментінің пікірі пайда болды. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының ішімдік ішіп, қарсылық көрсеткенін айтты.
"Ағымдағы жылдың 5 ақпанында тұрғындардан үйдің ауласында автокөліктің зақымдануы туралы өтініш түскен. Полиция қызметкері келген соң ер адам мас күйінде физикалық тұрғыда бағынбаған. Оны ұстау үшін құқық бұзушыға күш қолданылған.
Құқық бұзушы ұсталып, Астана қаласының халықаралық қатынастар орталығына жеткізілді. Сараптама қорытындысы бойынша құқық бұзушы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полициядағылар.
Бейнежазбаға берілген түсініктемелерде пікірлер екіге жарылды: біреулер автор жағына шығып, полицейлер өздерін жиі дөрекі ұстайды деп санаса, басқалары тәртіп сақшыларының жақсылықтарын еске алды.